Қамқоршылық кеңес » «Балауса» балабақшасы»
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Балауса» балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 452-10-07
Есепші бөлімі:
+7(723) 452-10-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
Балабақша сайтына Қош келдіңіздер!
11
қыркүйек
2023

Қамқоршылық кеңес

«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355  бұйрығы және ҚР Оқу –ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 №56 бұйрығының 1 қосымшасына, 2 қосымшасына, 4 қосымшасына сәйкес Жарма ауданы білім бөліміне қарасты "Балауса" балабақшасы мекемесінде 
 Қамқоршылық кеңестің  құрамы сайланады. 
  Комиссия құрамына жергілікті өкіл, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
 1) өтініш (еркін түрде);
 2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
 3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
 4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
 5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
 Қамқоршылық кеңес құрамының  сайланатын мерзімі: 2023 жылдың  8-28 қыркүйегі аралығы.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив